Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында аспан асты елі басшысы Си Цзинь Пиньмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында қос ел арасындағы серіктестікті нығайту, сауда және экономика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту кеңесі өтеді. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылмақ. Президент күні ертең Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі. Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. Ал 19-мамырда «Орталық Азия Қытай» саммиті өтеді. Маңызды жиынға 5 елдің Мемлекет басшылары қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарлануда.