Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында екі мың жылдан астам тарихы бар ескі қорым табылды. Археологтар айтуынша ол қаңлы дәуіріне тиесілі. Тарихи орында сол кезеңде жерленген адамдармен бірге құнды жәдігерлер қоса көмілгені анықталып отыр. Толығырақ тілші баяндап берсін.