Түркістан
EN

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйін зерттеуге 317 млн теңге бөлінді

167
17.05.2023

«Алты жүз жылдық тарихы бар Яссауи кесенесінен алты-ақ күнде айырылып қалмайық». Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың қоғамды дүр сілкінткен депутаттық сауалына Премьер министрдің орынбасары Алтай Көлгінов жауап берді. Ол мавзолейдің ылғалдану жағдайы бойынша зерттеу-зерделеу жұмыстары қолға алынғанын айтты. Және де оған бір емес, бірнеше ғылыми ұйым қатысады деді. Ең бастысы бұл мақсатта бюджеттен 317 млн. теңге бөлінді.