Тұмса табиғатымен бүкіл елге танымал Төлеби ауданында былтыр өңірлік өнім көлемі 129,1 млрд теңгеге жеткен. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында ілкімді тірліктер қолға алыныпты. Биыл аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылады. Өңірдегі атқарылған жұмыстарды толығырақ әріптесім Бексұлтан Бекпатша баяндайды.