Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан Ұлттық құрамасын қабылдады. Мырзағали Айтжанов шәкірттері мемлекет басшысына бокс қолғабын сыйға тартты. 4 алтын,1 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреген былғары қолғап шеберлері Президентке алғыс білдірді. Мырзағали Айтжанов пен Ұлттық Құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов алдағы Азия ойындары мен келер жылғы Парижде өтетін жазғы олимпиадада жақсы нәтиже көрсетуге уәде берді.