Түркістан
EN

Бішкекте арнайы операция өтті

24
17.05.2023

Қырғызстанда арнайы операция кезінде қарулы лаңкес қаза тапты. Оқиға Шу облысы, Дмитриевка ауылында болған. Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбаларда тарсылдаған атыстың дыбысы ауыл тұрғындарын өре түрегелткенін көруге болады. Кейіннен ведомство ІІМ мен ҰҚК арнайы бөлімінің қызметкерлері лаңкесті қолға түсіру үшін арнайы операция жүргізгенін хабарлады. Қолға түспеу үшін барынша қарсылық танытқан жанкештіні атудан басқа амал қалмады. Солайша операция барысында лаңкес оққа ұшса, күштік құрылымның екі бірдей қызметкері жараланған. Ресми мәлімет бойынша, олардың бірі ұлттық госпитальға жатқызылса, екіншісі емханада емделетін болды.