Түркістан
EN

«Қоғамдағы этносаралық тұрақтылық» семинары өтті

1
25.08.2021

Түркістан облысы аумағында этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ ұлтына, тіліне қарамастан тұрғындардың бір-біріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру қажет. Бұл туралы арнайы семинарда облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. «ZOOM» платформасы арқылы өткен  жиында  этносаралық қақтығыстардың алдын алудың заманауи әдістері талқыланып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың маңыздылығы туралы белгілі ғалымдар мен кәсіби мамандардың баяндамалары тыңдалды. Семинарға қатысушылар  «Этносаралық қақтығыстарды реттеу және азаматтық келісімді қолдау» тақырыбында  өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.