Газ жарылысы салдарынан зардап шеккен отбасы әлі далада отыр. Естеріңізде болса, 21 наурыз күні Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан бір отбасының 4 мүшесі қаза тапқан болатын. Редакциямызға мұң-мұқтажымен хабарласқан сол әулеттің бүгінгі жан-күйімен тілшіміз танысып қайтты.