Түркістан
EN

124 елді мекенде ауыз су жоқ

301
16.05.2023

Түркістан өңіріндегі ең өзекті мәселенің бірі ауыз су. Дәл қазір облыста тіршілік нәрін күтіп отырған 124 ауыл бар. Мәселені мәжілісте көтерген депутат Қайрат Балабиев Үкімет басшыларына осы жағдайға байланысты жасалып жатқан жобаларды сұрап сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, ауыз су тартылған кейбір ауылдардың өзінде тозығы жеткен құбырлар көп. Оларды жөндемек былай тұрсын, судың сапасынан сынама алып тексеріп жатқан тірі жан жоқ,-дейді ол.