Түркістан
EN

«Бір ауыл – бір өнім»

217
16.05.2023

«Бір ауыл - бір өнім». Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасы осындай жаңа жобаны қолға алмақ. Бағдарлама қаладан шалғай жатқан ауыл жұртын кәсіпке баулу үшін жасалған. Жоба аясында елді мекенде жұмыссыз отырған қыз-келіншектер жүннен түрлі бұйымдар жасап, бір ауылдың атын брендке айналдыра алады. Тауарлар ел ішіне сатылады, тіпті шетелдерге экспортқа шығаруға да мүмкіндік бар. Енді ауылда қажетсіз боп жатқан жүн бұйымға айналып, тіпті табыс келтіре де алады дейді мамандар. Әлеуметтік бағдарлама бұған дейін Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жүзеге асқан.