«Жағымсыз иістен жалықтық». Шымкентте нәжіс иісіне тұншыққан тұрғындар шу шығарды. Кәріз жүйесін тазалайтын мекеменің маңында тұратын 50 мыңға жуық халық екі аптадан бері еркін тыныстаудан қалдық дейді. Өйткені қолқаны қабар иіс бірнеше шағын ауданды алып кеткен.