Түркістан
EN

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков "Айбын" орденімен наградталды

93
16.05.2023

Мемлекет басшысының Жарлығымен Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков қызмет бабындағы жанқиярлық ерлігі үшін ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Құтқарушы 8 мамыр күні қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды. Арслан Құрманбековтың үстіне жанып жатқан ағаш құлаған. Марқұм Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан еңбек етіп келген.