Биыл Қазақстанның батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Синоптиктердің болжамынша, биыл жаз ыстық әрі құрғақ болады деген болжам бар. Сондықтан төтенше жағдайдың алдын алуға баса көңіл бөлу керек. Өйткені кейбір өңірлерде қазірдің өзінде жағдай күрделі. Күн жылына бастағаннан бері елімізде 120-дан астам табиғи өрт тіркелген. Олар көп жағдайда адамдардың кінәсінен тұтанды,- дейді Үкімет басшысы.