Мектеп директорларының жалақысы өзгереді. Себебі жүктемесі әртүрлі директорлар бірдей еңбекақы алуы – әділетсіздік, - деді Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында. Осы уақытқа дейін мектеп басшыларының жалақысына қатысты біраз мәселе көтерілген болатын. Басқаруға қабілетті менеджерлер басшылық қызметке баруға қызықпай отырғаны да жалақының әр түрлілігіне байланысты болса керек. «Жалпы жақсы педагогтар оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болуға ұмтылмайды. Сондықтан бұл мәселе өзгеріс енгізуді қажет етеді», - деді министр Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде. Тиісінше, қыркүйек айынан бастап жоғарғы оқу орны оқытушыларының жалақасы өседі. Енді аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорлар – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге болмақ. Штаттағы оқытушыларға жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.