Түркістан
EN

Облыс әкімі залалсыздандыру жұмыстарын сынға алды

81
15.05.2023

"Тұрғындарды әбігерге салған шіркейлерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ". Осылай деген Түркістан облыс әкімі сала басшыларын қатаң сынға алды. Кемшіліктерге жол бергені үшін жауапты басқарма басшысына қолданыстағы заңнама аясында тиісті шара қолдануды тапсырды. Биыл шіркейге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына биыл 644,4 млн теңге қаралған. Дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандары белгіленген. Алайда зиянкестерге таланған жұрт залалзындандыру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан еді.