Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақты көгалдандыруға қатысты кемшіліктерді тізіп, жауаптыларға бірнеше тапсырма жүктеді. Ағаш көшеттерін түгендеу жұмыстары жүргізілмегенін сынға алған өңір басшысы егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру жұмыстарын күшейту керектігін қатаң ескертті. Сол үшін күні бүгінге дейін отырғызылған көшеттердің қаншасы өнгені туралы нақты есепті талап етті.