Түркістан
EN

Полицияның әр адымы бақылауда болады

99
15.05.2023

Полицияның қызметтік үй жайлары мен бөлімшелеріне бейнебақылау орнатылады. Бұл жүйе жайлы Түркістан қалалық прокуратурасының кезекті жиналысында кеңінен талқыланды.  Енді  құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелеріне камера енгізіледі. Мамандар жазбаны қашықтан қарай алады. Бұл шаралар азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді,- дейді қала прокурорының орынбасары. Сондай-ақ, бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. Архивтің сақталуына тікелей орган басшылары жауапты.