Түркістан
EN

Президент бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

70
15.05.2023

4 алтын, бір күміс. Ташкентте өткен әлем чемпионатынан Қазақстан ұлттық құрамасы осындай олжамен оралды. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай  алтын алса, Дулат Бекбауов күміс еншіледі. Осылайша, жалпыкомандалық есепте, қанжығасына 5 алтын байлаған Өзбекстан құрамасынан кейін, екінші орынға Мырзағали Айтжанов шәкірттері жайғасты. Бұл - ұлттық құраманың жаһандық додалардағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейін, отандық былғары қолғап шеберлері Алматыда өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс алған болатын. Финалда Нұрбек Оралбай қытай қазағы Тоқтарбек Танатқанмен жұдырық түсйістірген еді. Ал осы жолғы әлемдік додада еліміздің әнұранын асқақтатқан спортшыларымызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.