Түркияда Президент сайлауы қыза түсті. Екінші күні де қос кандидат бірін-бірі мойындаудан бас тартып отыр. Алдын ала нәтиже бойынша Режеп Тайып Ердоған 49,35 %, ал Кемаль Қылычдароғлұ 45 % дауыс жинады. Енді Түркия сайлаудың екінші турына кірісіп кетті. Себебі, барлық дерлік бюллетеньдер саналды. Қазірдің өзінде, Стамбул, Анкара және Измир қалаларының басшылары Қылычдароғлұның жеңгенін айтып жарияға жар салуда.