Түркістан
EN

Төлеби ауданында жастар арасындағы Көшпенділер ойыны өтті

112
14.05.2023

Түркістан облысының таулы аймағы Төлеби ауданында «Көшпенділер ойыны» өтті. Дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылған дода бұл жолы Төлеби Әлібекұлының 360 жылдығына арналды. Леңгір қаласында өткен облыстық сайыста облыстағы барлық аудан, қаладан келген жас спортшылар өзара мықтыларды анықтады. Көшпенділер ойынында садақ ату, қошқар көтеру, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, аударыспақ, ләңгі тебу және арқан тартыс секілді қазақтың ұлттық ойындарының 7 түріне басымдық берілді. 14-35 жас аралығындағы жастар қамтылған спорттық шараға жалпы 160 қатысушыдан құралған 16 құрама  бәсекеге түсті. Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-ші орынды Сарыағаш ауданы қанжығасына байласа, жүлделі екінші орын Бәйдібектік жастарға бұйырды. Ал, Төлеби жастары үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар үлестірілді.