Түркістан қаласында өткен жылы 93 пәтер ұрлығы және 435 алаяқтық дерегі тіркеліпті. Бұл қылмыстар биыл едәуір азайған. Мұның негізгі себебі полиция өкілдерінің тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып жұмыс істеуінде. Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінде өткен басқосуда сервистік полиция моделі қызметі бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебі берілді. Ел президентінің бұйрығына сәйкес Түркістан қаласында барлық ведомство бірігіп, қылмыстың санын азайтуға байланысты бастама көтерілген. Бүгінгі жиында осыған қатысты біршама ұсыныстар айтылды.