Түркістан облысында 14 мыңнан астам адам шетелден әкелінген көліктерін заңдастыруға өтініш берген. Оның көпшілігі қазір тіркеліп, қазақстандық нөмірлер алды. Дегенмен шетелде шектеу қойылған, тіпті, ұрланған көліктер де, елімізде жетерлік. Бұл темір тұлпарлар ішкі істер министрлігінің тексерісінен өтпей қалып, тіркелмейді. Жалпы, шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны 1-і шілдеде аяқталады. Одан кейін, тіркелмеген көліктерге қатысты шара қолданылмақ. АЛМАСХАН ТАСТАНБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ