Түркістан телеарнасында су жаңа реалити-шоудың тұсауы кесілді. Ауыл жұртының тұрмыс-тіршілігін танытатын "Түркістан ВАЙБ" бағдарламасы қалың көрерменге жол тартты. Бағдарлама жүргізушілері ауылдың атмосферасын сезіну үшін ауыл шетіне арнайы шатыр тігіп, сонда түнейді. Елдімекен тіршілігінің қызығы мен шыжығын бастарынан өткізеді. Реалити-шоудың алғашқы саны Келес ауданындағы Абай және Жүзімдік ауылдарына арналды. Жобаның түсірілім тобы 17 аудан мен қаланы түгел аралауды жоспарлап отыр.