Түркістан қаласында «Turkistan music festival» Халықаралық конкурс-фестивалі өтті. Сайыста 5 пен 25 жас аралығындағы өнерпаздар бақ сынады. 3 күнге созылған фесьивальге шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен 200 ден астам өнерпаз қатысты. Толығырақ тілші бейнематериалында. Алматы қаласынан келген Жәңгір Қайыпбай бұл байқауға Құрманғазының күйін алып келіпті. 1 жыл бұрын қолына домбыра ұстаған Жәңгірдің бұл алғашқы байқауы емес. Осыған дейін де ол түрлі байқауларда жүлделі болған.
ЖӘҢГІР ҚАЙЫПБАЙ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, «ҚОҢЫР» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
Халықаралық Festval gruop комитеті ұйымдастырған байқау халық биі, классикалық би, театр өнері, вокал, дәстүрлі және эстрадалық ән бойынша өтті. Сондай-ақ музыкалық аспапта ойнау, күйшілік өнері сияқты бірнеше жанрды қамтыды. Топтан озып, гран при алған алматылық «Самұрық» би тобына Дубайда өтетін халықаралық байқауға жолдама берілді. Сондай-ақ, әр номинацияның жеңімпаздарына қаржылай сыйлық және шетелде өтетін түрлі байқауларға қатысу сертификаты табысталды.