Түркістан
EN

Елімізде электросамокаттар үшін арнайы заң әзірленді

203
11.05.2023

Былтыр электр самокаттардың қатысуымен елде 40-қа жуық оқыс оқиға тіркелді. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 40-ы жарақат алды. Жағдайды ушықтырмас үшін бүгін депутаттар ережені қабылдады. Жастардың сүйікті көлік құралына айнала бастаған самокаттарға арналған жаңа ереже қалай? Мен тізгіндеген мына электро самокат бір көргенде ең қауіпсіз көлік түрі секілді. Деседе сіз білесіз бе ? өткен жылдың өзінде-ақ осы құралды пайдаланамын деп 40 қа жуық азамат зардап шекті. Тіпті арасында қаза тапқандары да бар Түркістанда электросамокатты жалға беріп, кәсіп қылып жүргендердің бірі Бегалы Инаят. Кәсіпкер апатты оқиғаның куәгері болмаған. Ал бұл заң арқылы енді шаруам шатқаяқтап қалама деп алаңдайды. Себебі ол күніне 50 ге жуық адамға өз қызметін ұсынады. «Ал олардың барлығынан көлік жүргізуші куәлігін сұрау, қажетті киімдермен қамтамасыз ету қиынға соғады»-дейді.

БЕГАЛЫ ИНАЯТ КӘСІПКЕР 

Түркістан қаласында электросамакат қолданушылары күн сайын артып келеді. Олардың басым көпшілігі көлікті арнайы қосымша арқылы жалға алады. Арасында кәмелет жасына жетпегендер де бар. Өткен жылы электросамокатты пайдаланамын деп 44 адам зардап шексе, бір адам қаза тапқан. Буыны енді қатайып келе жатқан жасөспірімдер бұл көліктің қауіпін қаншалықты сезетінін анықтау үшін шағын сауалнама жүргізіп көрдік. Мәжілісте қабылданған заң бойынша енді электро самокат жүргізушілері Веложолдар мен жол жиегін еш кедергісіз пайдалана алады. Веложолақтармен және аатомобиль жолдарының оң жақ шетімен сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Алайда жолға шығу үшін самокат тізгініндегі адам 18-ге толған болуы керек. Оның кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және басында арнайы каскасы болуы міндет. Былайша айтқанда, енді самокаттар да заң бойынша жол қозғалысына қатысушы көлік болып есептеледі.