Еліміздегі емханаларға көрсеткен қызметтерінің 80%-ға жуығы мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленбей отыр. Бұл туралы мәжілісте депутат Гүлдара Нұрымова мәлімдеді. Айтуынша, денсаулық сақтау саласында қаржыландыру дұрыс жүргізілмегендіктен, заманауи диагносикалық шаралар ғана емес, дәрігерлерден кеңес алудың өзі күрделеніп кеткен. Медициналық қызметтердің жаңа тарифі биыл тек наурыз айында бекітілген. Ал емханалар қаңтар, ақпан айларында бұрынғы бағамен қызмет көрсетіпті. Енді баға айырмашылығы төленбейді екен. Сол себепті мәжіліс депутаты тегін медициналық қызметтер тізімін қайта қарап, қаржы көлемін ұлғайтуды ұсынды.
ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Денсаулық сақтау индексі бойынша біздің ел 2020 жылы 78-ден 86 орынға түсті. Денсаулық сақтау саласына қарастырылатын мемлекеттік қаржының мардымсыз мөлшері кері әсер етуде. Мәмс енгізілгелі бері қымбат қызмет түрлерін сақтандыру бойынша тегін көрсету 11 есеге артып, олардың көрсетілу мөлшері қадағалаусыз қалған. Сондықтан тарифтерді шығындардың нақты көлеміне сай қалыптастырғанымыз жөн.