Келес ауданы жылыжай аумағы бойынша республикада көш бастамақ ниетте. Қазір өңірде осы бағытқа бет бұрған шаруалардың қатары артқан. Келес өзенінің бойындағы аграрлы аймақта тағы қандай істер атқарылды? Тілші баяндасын.
Келесте келер жылы аудандағы Біртілек ауыл округінде 30 гектар жылыжай кешені салынбақ. Оның құны 300 млн. теңгені құрап, 75 жанды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Жақында ғана Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжайдың іргетасы қаланған болатын. 500 гектарлық жылыжай жобасы кезең-кезеңімен салынады. Мұнда жыл сайын 225 мың тонна қызанақ өсірілетін болады. Аудан осылайша еліміздегі негізігі жылыжайлы өңірге айналғысы келеді. Аудан аграрлық аудан болып саналады. Шаруалардың табыс көзі – өсімдік шаруашылығы. Біздің 26 мың гектар суармалы жеріміз бар. Сәуір айында әрбір елді мекенді мен өзім аралап шықтым. Жақында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасына қатысқысы келетін аудан тұрғындары да көп. Елдімекен халқының табысын арттыруды көздейтін бастамаға қатысушылар өсімдік, мал, сүт өнімдерін, балық шаруашылығын қолға алғысы келеді екен. Бұл ретте олар арнайы бизнес-жоспар құрып, грант ұтып ала алады.
ЖӘНІБЛЕК АҒЫБАЕВ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасына 4 ауылдық округ енгізілгеен. Қошқар Ата ауылында 1 кооператив ұсыныс білдіріп, өсімдік шаруашылығын дамытқысы келеді. Несие алуға 73 азамат ниет білдірді. Оған қоса, Ошақыт ауылында 1 кооператив мал бордақылау алаңын ашуыд жоспарлап отыр. 120 азамат несие алғысы келеді. Ауданда биыл қос жаңа мектептің лентасы қиылған. Қазір Келесте үш ауысымды мектеп мәселесі жоқ. 34 мыңнан астам оқушы 65 білім ошағында оқып жатыр. Тағы екі мектептің құрылысы әлі жалғасып жатыр. Аудан басшылығы бұл нысандар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі дейді.