Түркістан
EN

"Тұран" командасы жеңіске жетті

150
11.05.2023

Волейболдан әйелдер арасында ұлттық лигада «Тұран» командасы тағы да көш бастады. Түркістанда өткен ойынға елімізден төрт команда қатысқан. Тартысқа толы өткен доп додасы туралы келесі бейнематериалда.  Сайысқа Ақтаудың «Каспий», елордалық «Astana Tigers», Ақтөбенің «Ақтөбе»  және облысымыздың «Тұран» құрама командалары қатысып, чемпиондық атаққа таласты. Ойын мерзімінен бұрын аяқталды. Бас жүлдеге тасласқан «Тұран» мен «Astana Tigers» командаларының кездесуінде тұрандықтар қатарынан 3 рет жеңіске жетіп, өткен жылғы чемпиондық атағын сақтап қалды. 

Ойында өнер көрсеткен жерлестеріміздің бірі - Сымбат Қыдырәлі. Ол командаластарымен бірге жеңістерін облысымыздың бес жылдығына арнады. Және бұл жеңіске қол жеткізу оңайға соқпағанын айтады.     СЫМБАТ ҚЫДЫРӘЛІ - ЖЕҢІМПАЗ     

Ал, қола жүлдеге таласқан Ақтөбе мен Каспий командалары арасындағы  тартыста ақтөбеліктер басымдық танытты. Жеңімпаздар мен үздік деп танылған ойыншаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.