Түркістан облысында жасөспірім қыз абайсызда суға батып кетті. Қайғылы Оқиға Келес ауданы, Абай ауылында болған. Облыстық Төтенше Жағдай департаментінің хабарлауынша, 11 жастағы қыз «Ошақты» суармалы каналына құлап кеткен. Сол кезде оның қасында құрбысы болыпты. Ол дереу марқұмның туыстарына хабар берген. Жергілікті төтеншеліктер бірден жеке құрам мен техника жұмылдырған еді. Бірақ жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Қыздың денесі сол күні оқиға орнынан 5 шақырым жерде табылды.