Былтыр электр самокаттардың қатысуымен елде 40-қа жуық оқыс оқиға тіркелді. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 40-ы жарақат алды. Осыған байланысты қосдөңгелекті шағын көлік құралдарының қозғалысын қатаң бақылауға алу және жүргізушілерінің құқығы мен міндетін айқындау көзделіп отыр. Бұл туралы Ішкі Істер Министрі Марат Ахметжанов та, депутат Екатерина Смышляева да мәлім етті. Оған сәйкес жол жүру ережелеріне де бірқатар өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Мәселен, жолдың оң жақ шеткі бөлігінде 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ басына тиісті шлем киген адамдарға жүруге рұқсат берілмек.