Түркістан
EN

2022 жылы 1500-ге жуық адам өндірістік жарақат алған

104
10.05.2023

Өткен жылы өндіріс орындарында 1500-ге жуық адам зардап шегіп, 202 азамат қайтыс болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елдегі өндірістік орындарында «жарақат алу» қаупі жоғары аймақтар бар. Әсіресе мұндай жағдайлар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жиі болады. Ал оқыс оқиғаға көбінесе кен, металлургия, құрылыс саласының еңбеккерлері тап болып жатады. Жыл басынан бері 300-ден астам адам зардап шегіп, 32 азамат қайтыс болған. Статистикаға сүйенсек, жазатайым оқиғалардың үштен бірі еңбеккерлердің өз абайсыздығынан болады. Сондай-ақ жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы да оқыс жағдайларға әкеледі. Дегенмен мамандар, жұмыскерлермен қатар кәсіпорын басшылығын да қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады.