«Керемет келін» жобасының айлық жеңімпаздары табиғат аясына демалысқа шықты. Олар «Дәубаба» туристтік компаниясы ұсынған арнайы жолдама арқылы, тұмса табиғатымен таңғалдыратын Түлкібас жерінде болды. Толығырақ тілші материалында. Алатау мен Қаратаудың тоғысқан тұсында ораналасқан киелі мекеннің тасын түртсе тарихы сөйлейді. Дәл осындай көз тартарлық дархан дала, жоба жеңімпаздарын кең құшағын аша қарсы алды. Алдымен қатысушылар «Дәубаба» ауылына жиналып, кейін саяхат орнына аттанды. Қонақтарды қарсы алған туристтік компания өкілдері жол бастап, саяхаттың негізгі жоспарларын тілге тиек етті.
БЕКСЕЙІТ БАЛҚЫБЕКОВ «ДӘУБАБА» ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Дала мәдениетінің ошағы, руханияттың түпқазығы атанған киелі мекенде жеңімпаздар отбасы мүшелерімен ойын ойнап, суретке түсті. Сондай-ақ ат үстінде серуендеп, «Дәубаба» шатқалына да барды. Табиғаттың сұлулығы мен жусанның иісіне ғашық болған келіндер таңданысын жасырмады.
ГҮЛАЙНА ТОҚСАНБАЕВА – «КЕРЕМЕТ КЕЛІН» ЖОБАСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ
Саяхат соңында келіндер туристік компания өкілдеріне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, олар осындай жобалар арқылы ішкі туризмнің дамып жатқанына қуанышты екендерін айтты.