Түркістан
EN

Президент Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

210
05.05.2023

Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар әскери қызметкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады. Жиын барысында ел қауіпсіздігін қорғау жолында ерен қызмет етіп жүргендерге «Даңқ», «Айбын, «Құрмет» ордендері және «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталды. Президент ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты.