Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл. Түркістан облысында ауқымы алып соғысқа қатысқан 14 ардагер бар. Олардың бірі 102 жастағы Немет Абдрасилов. Мереке қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетуі үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ақсақалдың үйіне арнайы барып, сый құрметін көрсетті. Сондай-ақ қарияға Қазақстан Республикасының қорғаныс министірлігінен де құттықтау хат тапсырылды.