Түркістан қаласында 300-ге жуық палаушы бар. Өйткені тағамның бұл түрі оңтүстік өңірде зор сұранысқа ие. Той-жиын, қонақасы емес, кәдімгі күнделікті түскі және кешкі асқа палау жеу үшін киелі шаһарға арнайы келетіндер көп. Әріптесіміз Нұрдәулет Сыздық бұл құпияның сырын ашу үшін палау орталықтарының біріне барды.