Түркістан
EN

4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланады

90
03.05.2023

4 пайыздық автонесие туралы жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Оның сөзінше, автонесие бағдарламасына қатысу үшін көлік құнының 10-15%-ін бастапқы жарна ретінде талап ету ұсынылып отыр. Сондай-ақ бұл бағдарлама бойынша көлік иеленгендердің тізімі жариялануы мүмкін. Жоба қарапайым тұрғындарға қолжетімді болу үшін қатысушылардың еңбек ақысының жоғарғы шегі қайта қаралады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, онлайн өтініш қабылдау алдағы айда қайта басталуға тиіс.