Түркістан
EN

Суға шомылу маусымы басталмай жатып, Түркістан облысында 13 адам суға кетті

218
03.05.2023

Суға шомылу маусымы басталмай жатып, Түркістан облысында 13 адам суға кетті. Оның ішінде 10-ы кәмелет жасына толмаған балалар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, барлық профилактикалық шаралар жүргізілуде. Десе де, облыста 4000-ға жуық су нысаны бар. Олардың барлығын қоршау мүмкін емес. Ал, азаматтар шомылуға тыйым салынады деген белгілерге қарамастан, суға түсуін тоқтатар емес. Сондықтан құтқарушылар ресми ашылған жағажайларға ғана баруды сұрайды. Бұл үшін Түркістан қаласында және облыста тағы бірнеше жағажай ашылмақ.