Астанада бір айдай уақытқа созылған шахматтың «алтын тәжі» үшін өткен матч аяқталды. Интеллектуалды ойынның жанкүйерлерін ресейлік Ян Непомнящий мен Қытайлық Дин Лижэнь арасындағы тартысты бәсеке тәнті етті. Аспан асты елінен келген спортшы әлем чемпионы атағы мен 1,1 млн АҚШ долларын қанжығасына байлады. Қос шахмат шеберін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.