Түркістан
EN

Сарыағашта шегіртке қаптап кетті

95
02.05.2023

Түркістан облысының далалы аумақтарында шегіртке қаптап кетті. Зиянкестер әсіресе Сарыағаш ауданы мен Арыс қаласының маңайындағы ауылдарда көп. Оның видеосы әлеуметтік желілерге жарияланған. Ал, жауапты мамандар бүгін шегірткеге қарсы күрес әлі де жалғасып жатқанын айтты. Зиянкестер көп тараған Сарыағаш ауданындағы 24 мың гектар, Арыс қаласындағы 11 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Зиянкестермен күреске жел мен жаңбыр әжептәуір кедергі келтіріпті. Дегенмен, мамандар шегірткенің көбейіп, шаруалардың зардап шегуіне жол бермейміз дейді.