Биыл Түркістан қаласына 1 млн-ға жуық саяхатшы келеді деп күтілуде. Оның 10 мыңнан астамы шетелдіктер болмақ. Түркістанға саяхаттаушылар арасында Ресейдегі этникалық қазақтардың саны артып келеді. Олардың арасында Ақкенже Дүйсенбаева да бар. Қала қонағы Түркістанның қазіргі кейпі көз қуантады дейді.