Биыл төрт айда 8 қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Қару-жарақ пен оқ-дәрі жасауға қатысты 7 жасырын цехтың көзі жойылды. Мұны Президент қабылдауында болған комитет төрағасы Ермек Сағымбаев мәлімдеді. Ол терроризмге қарсы жаттығу жиындары өткенін хабарлады. Бұдан бөлек, мемлекеттік шекарада 7 мыңға жуық заң бұзушы ұсталғанын хабарлады. Шамамен 2 млрд 800 млн теңге көлемінде валюта, алтын және басқа да тауарлардың заңсыз тасымалына тосқауыл қойылды. Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді тасымалдауға қатысты 85 әрекеттің жолы кесіліпті.