Түркістан
EN

Түркістанда 5 мың кәуап пісіріліп, көпшілікке таратылды

113
02.05.2023

Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық мекені» мерекелік іс-шарасы өтті. Жиынға аймақ басшысы Дархан Сатыбалды, сондай-ақ түрлі этнос пен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен облыс тұрғындары қатысты. Айта кетсек, Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілі қоныстанған. Олардың өз тілдерін, салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін дамытуға толықтай мүмкіндік беріліп, жағдай жасалған.