4 адам жараланып, бір адам қаза тапты. Ақтөбе облысы, Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты. Тілсіз жау монтаждау кезінде «жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы» жарылысынан болған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Өртті сөндіруге 52 құтқарушы, 9 техника жұмылдырылды. Жалын таңғы 06:20 да толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.