Түркістан
EN

Степногорде зергерлік дүкен тоналды

123
02.05.2023

Шұңқыр қазып, зергерлік дүкенді тонап кетті. Оқиға 1 мамыр күні Степногор қаласында болған. Белгісіз біреулер жер асты жолын қазып, дүкендегі құнды заттарды қолды қылған. Ұрлық сәті бейне таспаға түспеген. Бұл қылмыстық оқиғаға қанша адам қатысқандығы және қанша теңге көлемінде шығын келтіргендігі жайында ақпарат жоқ.  Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.