Түркістан
EN

Премьер-Министр: Ауыз су жобаларын аяқтау ісінде шикілік көп

99
02.05.2023

Елімізде 432 елді мекендегі 600 мыңнан астам адам таза ауыз суға мұқтаж. Ауылды аймақтарды тіршілік нәрімен қамту үшін тіпті құжаттары дайындалмаған өңірлер бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр 2025 жылға дейін бүкіл қалалар мен елді мекендерді 100 пайыз толықтай қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, елдегі су ресурстарының тапшылығын шешу керек деген Үкімет басшысы жауапты министрлер мен әкімдіктерге бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.