Оқудың ерте кеші жоқ. Оған дәлел Атамекен ауылының 58 жастағы тұрғыны Күлзахира Сексембаева. Ол 54 жасында колледжге алғаш қадам басып, қартайған шағында студент атанды. 4 жыл бойы колледжде оқып, жастармен бірге білім алыпты. Медбике атану бала күнгі арманы болған екен.