"Өнерлі өлке" облыстық фестивалін Отырар ауданы жалғады. Бұл шара Түркістан облысының 5 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Ұлылар мекені болған ауданның мәдениет күндері алдағы демалыста да жалғасатын болады. Қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ақындар айтысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ал, дәл қазір отырарлық өнерпаздардың қатысуымен гала концерт өтіп жатыр. Біздің тілшілеріміз де осы шараның басы-қасында жүр.