Түркістан
EN

Сарыағаш ауданындағы әрбір ауылда екінің бірі ауласына құлпынай егеді

254
28.04.2023

Сарыағаш ауданындағы әрбір ауылда екінің бірі ауласына құлпынай егеді. Еңбекқор тұрғындар көктем келгенде дәрісіз піскен таза өнімдерді сатып, мол табысқа кенеледі. Жергілікті диқандар өсірген құлпынайларға еліміздің барлық аймағынан сұраныс жоғары. Тіпті, егістік басына келіп алып кетеді екен. Қазір Құрама ауылының диқандары өнімдерін жаппай сатылымға жіберіп жатыр. Біздің арна тілшілері де егістік алқабына барып, диқаншылармен бірге құлпынай теріп көрді. Құлпынай теру жұмысы қиын емес пе? Тілшілеріміз айтып берсін.