Денсаулығы сыр берген Режеп Тайып Ердоған халықтың алдына қайта шықты. Түркия президенті видеобайланыспен «Аккую» атом электр станциясына ядролық отын енгізу рәсіміне қатысты. 20 миллиард доллар жұмсалған нысанды Ресейдің «РосАтом» компаниясы салған. Айта кетсем, осыдан бірер күн бұрын Ердоғанның денсаулығы нашарлап жергілікті арналардың біріне берген сұқбатын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның мәлімдеуінше, Ердоғанның қазір жағдайы жақсарды.