"Қалаға көшкіміз келмейді, туған ауылымызда жасалған жағдай қаладағыдан кем емес". Бұл Келес ауданындағы Жүзімдік ауылы тұрғындарының пікірі. Ауылда соңғы төрт-бес жылда тура қаладағыдай жайлы өмір қалыптасып келеді. Мұндағы әрбір үйде ауыз су сарқырап ағып тұр, көгілдір отын жанып тұр. Жолдардың жағдайы да жыл санап жақсарып келеді. Сондықтан, Жүзімдікті үлгілі ауыл деп атауға әбден лайық. Қалаға көшкісі келмейтін ауыл тұрғындарымен әріптесім Жандос Тастемір сұхбататсып қайтты.